2 ақпан 677

AP08856422 – Декольматациялық гидродинамикалық құрылғысы мен көп функциялы мақсаттағы химиялық реагенттерді бірге қолдана отырып, уран кендерін ұңғымалық өндіруді интенсификациялаудың ғылыми негіздерін әзірлеу

AP08856422 – Декольматациялық гидродинамикалық құрылғысы мен көп функциялы мақсаттағы химиялық реагенттерді бірге қолдана отырып, уран кендерін ұңғымалық өндіруді интенсификациялаудың ғылыми негіздерін әзірлеу

Жобаның негізгі мақсаты: Декольматациялық гидродинамикалық құрылғысы мен көп функциялы мақсаттағы химиялық реагенттер кешенін бірге қолдана отырып, уранды ұңғымалық өндіруді интенсификациялаудың инновациялық технологиясы негізінде уран кендерін ұңғымалық игерудің тиімділігін арттыру.

Жобаның өзектілігі: Жобаның ғылыми жаңалығы көп функциялы мақсаттағы химиялық реагенттер құрамынан шөгінді түзілімдердің қасиеттері мен құрылымының өзгеру заңдылықтарын белгілеуде; көп функциялы мақсаттағы химиялық реагенттер кешенін қолдану жағдайында декольматацияның гидродинамикалық құрылғысының механикалық әсерінің рационалды параметрлерін негіздеуде; декольматациялық гидродинамикалық құрылғысымен көп функциялы мақсаттағы химиялық реагенттер кешенін бірге қолдануға негізделген инновациялық технологияны жасауда болып табылады.

Ғылыми жетекшісі: Техникалық ғылымдар докторы, Профессор, Рақышев Баян Рақышұлы

Алынған нәтижелер: Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Сырдария және Шу-Сарысу ойпаттарындағы уран кен орындарының шөгінді түзілімдері зерттеліп, олардың құрылымы мен гипс құрамының жоғары екені анықталды. Скважиналық жерүсті шаймалау кезінде шөгінділердің алдын алу және жою үшін тиімді химиялық реагенттер құрамы таңдалды. Скважиналарды тазалау және құм тығындарын жоюға арналған винттік забой қозғалтқышы негізінде гидродинамикалық құрылғы әзірленді және бейімделді. «Северный Карамурун» кен орнында жүргізілген тәжірибелік-өндірістік сынақтар ұсынылған шешімдердің тиімділігін растады. Скважина өнімділігінің 20–30%-ға артуы және тазалау уақытының 8–12 сағатқа дейін қысқаруы анықталды. Уран өндіруді күрделі тау-геологиялық жағдайларда интенсификациялау бойынша ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Алынған нәтижелер әзірленген технологияның техникалық-экономикалық тиімділігін және практикалық маңыздылығын дәлелдейді.

Жарияланымдар тізімі 

  1. Rakishev B., Mataev M.M., Kenzhetayev Z., Altaybayev B., Shampikova A. Research into leaching of uranium from core samples in tubes using surfactants // Mining of Mineral Deposits. – 2020. – №4. – P. 97–104. – DOI: https://doi.org/10.33271/mining14.04.097
  2. Rakishev B.R., Mataev M.M., Kenzhetayev Zh.S., Shampikova A.H., Toktaruly B. Innovative methods for intensifying borehole production of uranium in ores with low filtration characteristics // News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. Series of Geology and Technical Sciences. – 2020. – №6(444). – P. 213–219. – DOI: https://doi.org/10.32014/2020.2518-170X.149
  3. Rakishev B., Mataev M.M., Kenzhetayev Zh.S., Shampikova A.H. Способ скважинной добычи урана из карбонатных и низкопроницаемых руд: патент РК №5976 от 09.04.2021 г. – Бюл. №14.
  4. Rakishev B.R., Yazikov E.G., Mataev M.M., Kenzhetayev Zh.S. Leaching of uranium from core samples in tubes using an oxidizer // Mining Journal. – 2021. – №9. – P. 84–89. – DOI: https://doi.org/10.17580/gzh.2021.09.14
  5. Rakishev B., Kenzhetayev Z., Mataev M., Togizov K. Improving the efficiency of downhole uranium production using oxygen as an oxidizer // Minerals. – 2022. – Vol. 12. – Art. 1005. – DOI: https://doi.org/10.3390/min12081005
  6. Rakishev B.R., Mataev M.M., Kenzhetayev Zh.S., Togizov K. Innovative methods for restoring filtration characteristics of borehole uranium ores in Kazakhstan’s fields // News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. Series of Geology and Technical Sciences. – 2022. – №4(454). – P. 171–181. – DOI: https://doi.org/10.32014/2022.2518-170X.208
  7. Rakishev B.R., Mataev M.M., Kenzhetayev Zh.S., Shampikova A.H. Innovative methods of intensification in situ leaching of uranium in deposits with low filtration characteristics of ores // News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. Series of Geology and Technical Sciences. – 2022. – №5(455). – P. 188–206. – DOI: https://doi.org/10.32014/2518-170X_2022_5_455_188-206
  8. Матаев М.М., Ракишев Б., Кенжетаев Ж.С. Передвижная установка гидродинамической обработки технологических скважин: патент РК №7324 от 05.08.2022 г. – Бюл. №31.
  9. Алтынбек А.Д., Киякбай О.Б., Калмукамбетов А.О., Матаев М.М., Кенжетаев Ж.С. Способ интенсификации подземного скважинного выщелачивания урана: патент РК №35471 от 21.01.2022 г. – Бюл. №3.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту