Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP09261035 — Тау-кен массивінің кернеулі-деформацияланған күйін диагностикалаудың және бүкіл кен орны бойынша деформациялық процестердің дамуын кеңістіктік-уақытша талдаудың жоғары тиімді жүйесін әзірлеу
AP09259637 — Тауар өнімдерін алу арқылы көмірді жағудан күлді кәдеге жарату үшін жоғары тиімді қалдықсыз технологияны әзірлеу
AP09259251 — Өндірісті қарқындату іс - шараларында микро және макро деңгейдегі өткізгіштіктің нашарлауын зерттеу
AP09260008 — Мұнай өнеркәсібінің күрделі экологиялық мәселелерін шешуде энергия мен сутегінің баламалы көзі ретінде белсендірілген алюминий
AP09058620 – Қазақмыс корпорациясы" ЖШС кен орны үшін кешенді геодинамикалық мониторинг деректері негізінде Web-ГАЖ әзірлеу
AP09058297 – Бағалы компоненттерді кешенді алумен ыстықтай мырыштау қалдықтарын кәдеге жаратудың қалдықсыз жаңа технологиясын әзірлеу
AP09058452 – Парафиннің жоғалуын болжау үшін PVT моделін жасау
AP08955550 – Қазақстан үшін Сәулет және қала құрылысы саласында жаһандану және ұлттық бірегейлікті іздеу жағдайында бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрлар даярлау қағидаттары
AP08957443 – Алматы қаласындағы ауыр металдармен ластанған топырақтарды фиторемедиациялау үшін гипераккумуляторлы өсімдіктерді таңдаудың ғылыми негіздемесі
AP08856630 – Белсенді ақпаратты қорғау жүйелеріндегі кеңістіктік электромагниттік шудың сапасын бағалау
AP08855607 – Жоғары қататын және тұтқырлығы жоғары мұнай қоспаларын циклдік айдауды оңтайландырудың цифрлық технологиясы
AP08856412 – ҰҰА пайдалана отырып, нақты ауыл шаруашылығы мәселелерін шешу үшін деректерді интеллектуалды өңдеу және ұшуды жоспарлау модельдерін әзірлеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту