Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP22686112 – Перифериялық артерия ауруы бар науқастарда машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, бір жасушалы РНҚ деректерінен соматикалық мутацияларды зерттеу
AP22685781 – Икемділікті және процесті автоматтандыруды арттыру үшін компьютерлік көруді пайдалана отырып манипуляторды басқару жүйесін әзірлеу
AP22685776 – Қуаты аз тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету үшін фотоэлектрлік шатыр панелін салқындату жүйесінің прототипін жасау
AP22685758 – Монолитті құрылысқа арналған цеолитті модификацияланған бетон
AP22685351 – Инжекция арқылы уранды шаймалау ерітіндісін интенсификациялау
AP22685298 – Инновациялық биореакторда метанды жоғары ақуызды өнімге биоконверсиялау технологиясын жасау
AP22685193 – Алматы облысының жер асты суларының радиоактивтілігінің табиғаты
AP22685109 – Отандық шикізаттан сорбциялық-сүзгілік материалдар алу технологиясын жасау мен қасиеттерін зерттеу, және оларды суды ауыр металдардан тазарту үшін қолдану
AP22685000 – 3D-модельдерді қолдана отырып, вольфрамит концентраттарынан вольфрам оксидін алудың технологиялық процестерін визуализациялау
AP22684928 – Іске асыратын аппаратураның әдістемесін әзірлеу арқылы сорғы агрегаттарының техникалық жай-күйін диагностикалау тиімділігін арттыру
AP22684173 – Сигнал/шуыл коэффициенті төмен болған жағдайда дауыстық белсенділікті анықтаудың жоғары тиімді нейрондық әдісін әзірлеу
AP22684080 – Сирек металды Сырымбет кенорнының қалайы құрамды мору қыртысын байыту технологиясын даярлау
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту