AP22684928 – Іске асыратын аппаратураның әдістемесін әзірлеу арқылы сорғы агрегаттарының техникалық жай-күйін диагностикалау тиімділігін арттыру
Жоба мақсаты: Діріл диагностикасының нәтижелерін, температура факторының әсерін талдау және қалдық ресурсты болжау негізінде сорғы қондырғыларының техникалық жағдайын бағалау әдістері мен құралдарын әзірлеу
Жоба өзектілігі: Сорғы қондырғыларының техникалық жай-күйін уақтылы диагностикалау – тау-кен металлургия саласындағы жабдықтардың сенімділігін арттыру және қызмет көрсету шығындарын азайту үшін маңызды. Жобаның өзектілігі – жоғары жүктемелі жұмыс жағдайында жабдықтың ресурсын тиімді бақылау мен болжау әдістерін енгізу қажеттілігімен түсіндіріледі.
Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Сағатова Ләйла Бақытжанқызы
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Зерттеу тақырыбы пысықталды, ғылыми-техникалық әдебиеттер зерттелді, зерттеу бағыттары мен негізгі проблемалар анықталды. Тау-кен металлургия және машина жасау салалары кәсіпорындарының қолданыстағы Тқкж жүйелеріне жүйелі шолынды. Техникалық диагностиканың қолданыстағы әдістеріне талдау жүргізіліп, негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.
Жарияланымдар тізімі
- Mining of Mineral Deposits 2021 | Journal article DOI: 10.33271/MINING15.04.075 EID: 2-s2.0-85124514502 Part of ISSN: 24153443 24153435 Contributors: Akanova, G.; Kayumov, U.; Sagatova, L.; Istamov, M.; Atakulov, L.