Қолданбалы машиналық оқыту ғылыми-әдістемелік зертханасы
Зертхана жетекшісі: профессор Мухамедиев Р.И.
1. Зертхананың мақсаты
Қолданбалы машиналық оқыту мен деректерді талдау әдістерін әртүрлі салалардағы ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін дамыту және енгізу, сондай-ақ жоғары білікті мамандар даярлау және жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау.
2. Зертхананың міндеттері:
- қолданбалы міндеттерге арналған машиналық оқыту алгоритмдерін әзірлеу және бейімдеу;
- БПЛА мен қашықтықтан зондтау технологияларын пайдалануды қоса алғанда, деректерді жинау, өңдеу және талдау;
- модельдерді оқыту және сынауға арналған мамандандырылған деректер жинақтарын (датасет) жасау және дамыту;
- рецензияланатын басылымдарда ғылыми зерттеулер жүргізу және нәтижелерді жариялау;
- білім беру процесіне арналған әдістемелік және оқу материалдарын әзірлеу;
- студенттер, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми қызметін қолдау және сүйемелдеу;
- әзірленген шешімдерді өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және экологиялық мониторингке енгізу;
- ERASMUS+ шеңберінде де халықаралық және ұлттық ғылыми-білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту.
3. Негізгі қызмет бағыттары:
- қолданбалы машиналық оқыту және жасанды интеллект;
- ;ердің аэрофотосуреттер мен қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу және талдау;
- деректерді жинау және талдау үшін БПЛА пайдалану;
- экологиялық мониторинг және қоршаған орта сапасын талдау;
- үлкен деректерді талдау және интеллектуалдық шешімдер қабылдауды қолдау жүйелерін құру;
- өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы үшін цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
- ЖИ және Data Science саласындағы кадрларды даярлау және білім беру бағдарламаларын дамыту.
4. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:
SDG 4 — машиналық оқыту саласындағы білім беру және ғылыми-әдістемелік тәсілдерді дамыту, жоғары білікті мамандар даярлау және жас зерттеушілерді қолдау.
SDG 8 — инновациялық ЖИ шешімдерін енгізу және цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттерді дамыту арқылы экономикалық өсуге ықпал ету.
SDG 9 — қолданбалы машиналық оқыту әдістерін және цифрлық технологияларды әртүрлі экономика салаларының міндеттерін шешуге және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған жобалауды және енгізуді іске асыру.
SDG 11 — қалалық ортаның тұрақтылығын және халық өмір сапасын арттыру үшін деректерді талдау, БПЛА мен қашықтықтан зондтау технологияларын қолдану.
SDG 13 — климаттық өзгерістерді талдау және экологиялық негізделген шешімдерді қолдау үшін машиналық оқыту және қоршаған ортаны мониторинг әдістерін пайдалану.
SDG 15 — жер ресурстары, экожүйелер мен ауыл шаруашылығы аумақтарының жай-күйін мониторинглеу үшін қашықтықтан зондтау және ЖИ технологияларын қолдану.
SDG 17 — білім беру және зерттеу бастамалары шеңберінде халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен серіктестіктерді дамыту.