Университеттің ғылыми жобалары

Өндіріске енгізілген ғылыми технологиялар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың маңызды жетістіктері болып саналады. Ал зерттеулердің басты бағыты – ғылымның, техника мен технологияның дамуы барысында келешегі зор, әрі әлеуметтік маңыздылығы жоғары салалар болып табылады. Атап айтқанда:   

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер;
  • химиялық технологиялар;
  • наножүйелер және материалдар индустриясы;
  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • табиғатты тиімді пайдалану;
  • мұнай және пайдалы қазбаларды өндіру.

Басты міндет – жаңа білім шыңына шығу; отандық технологияларды дамытып, оларды коммерциализациялау үшін қажетті серіктестік механизмдерін орнату; инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалды дамыту, сондай-ақ экономиканың инновациялық саласын дамыту үшін маңызы зор басқа да мәселелерді шешу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республикадағы инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы болып табылады. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары өз ғылыми мақалаларын әлемдік жетекші ғылыми журналдар бетінде жариялайды, оның үстіне жыл сайын жаңадан ашылған жаңалықтар, авторлық куәліктер мен патенттер саны да артып келеді.

Университет өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыс істеуде, соның нәтижесінде шаруашылықтағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті іргелі және практикалық идеялар жүзеге асырылып келеді. Мұндағы ғылыми зерттеушілер отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырса, олардың ғылыми еңбектері шетелдік конференциялар мен симпозиумдарда тиісті дәрежеде мойындалып, жоғары бағаланып келеді. Зерттеушілер ғылым мен технологияның жаңа белестерін бағындырып, оның нәтижелерін инновациялық жүйеге сәйкес сәтті түрде өндіріске енгізу үшін белсенді еңбек етіп келеді. Инновациялық жүйе ғылыми-техникалық зерттеулердің идеялық дамуынан бастап, оны өндіріске толық енгізгенге дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Университет ғылыми жұмыстарын бірнеше жылдарға бұрын жоспарлап қояды да, өзінің келешегін үшінші индустриялық революциямен ұштастырып отырады.

AP26104611 «Микропластиктің денсаулыққа әсерін модельдеу және су жүйелерінің сапасын жақсарту үшін ағынды суларды тазарту әдістерін әзірлеу»
AP23489574 «Қайта пайдаланылатын су үшін баяу фильтрациямен еріген органикалық заттар мен микропластиктерді тиімді кетіруге арналған модификацияланған белсендірілген көмір сүзгісі»
AP23489493 «Алматы және Астана қалаларының жер үсті суларындағы микро/нанопластиктердің мониторингі және оларды жою үшін мембраналарды қолдану»
AP23487129 «Қазақстан халқын сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма суларын тазартудың инновациялық жүйесін дамыту арқылы жер асты суларын өндірү мен сапасын арттыру»
AP22685193 «Алматы облысының жер асты суларының радиоактивтілігінің табиғаты»
AP19679745 — Сутегі өндірісінің өнімділігін арттыру үшін цианобактериялардың hup-мутанттарын құрастыру және дақылдау технологиясын әзірлеу
AP19577049 – Өнеркәсіптік суларды радионуклидтерден тазарту үшін биомассалық сорбенттерін синтездеу, сипаттау және физика-химиялық зерттеу
AP19576899 — Магнетит және 2D наноқұрылымдар негізінде композициялық материалдарды әзірлеу және оларды суды тазарту және тұзсыздандыру үшін пайдалану
BR11765599 — Қазақстан өңірлерінде табиғи суларды тазарту технологияларын әзірлеу және жетілдіру және ауыз судың сапасын жақсарту
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту