Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP19679690 — Микротолқынды сәулелену үшін радиожұтқыш материал ретінде пайдалану үшін көміртекті нанотүтіктер мен магнетит нанобөлшектері негізінде композициялық материалдарды әзірлеу
AP19576899 — Магнетит және 2D наноқұрылымдар негізінде композициялық материалдарды әзірлеу және оларды суды тазарту және тұзсыздандыру үшін пайдалану
AP19676107 — Ванадий өндірісінің өндірістік қалдықтарын кешенді өңдеу технологиясын жасау
AP19680477 — Пиро- және гидрометаллургиялық процестерді пайдалана отырып, құрамында никель-кобальт бар кендерді өңдеудің кешенді технологиясын әзірлеу»
AP19178044 — Әскери мақсаттағы құрылыс объектілерін салуға арналған құрылыс 3D принтерінің баспа бастиегін жобалау және әзірлеу
AP19679899 — Автобетонсорғы негізіндегі құрылыс 3Д принтерінің ауытқуларын компенсациялайтын және баспа бастиекті позициялайтын манипуляторды зерттеп жобалау
AP19679253 — Көпфункционалды мобильді металл 3д принтерді зерттеу және жобалау
АР19675226 – Өнімді өндірушіге/импорттаушыға интеллектуалды несие беру жүйесі
AP19678995 – Ашық сөйлеудің өте қысқа ұзақтығы үшін терең нейрондық желілерді пайдалана отырып, дикторды тану әдісін құрастыру
AP08053222 – Күрделі тау-кен және геологиялық жағдайларда ұңғымаларды бұрғылау тиімділігін арттыру үшін гидро-импульсті генераторды жаса
AP08052829 – Тотыққан, құрамында мырыш, қорғасын бар қиын байытылатын кендерді және сульфидтік күйдірумен байытудың өнеркәсіптік өнімдерін кешенді өңдеудің гибридті технологиясын әзірлеу
AP09261282 — Мұнай өндіруге арналған қарнақты ұңғымалық сорғы қондырғылары сорғыларының жұмыс ресурсын ұлғайту
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту