31 наурыз 78

BR28712925 – Экожүйелерді кешенді жақсарту үшін суық плазмалық технологияларды зерттеу және құру

BR28712925 – Экожүйелерді кешенді жақсарту үшін суық плазмалық технологияларды зерттеу және құру

Мақсаты – Бағдарламаның мақсаты топырақтың сапасын (құнарлылығын) қалпына келтіруге және суды органикалық ластаушы заттардан тазартуға, сондай-ақ патогендерді жою үшін экожүйелерді қалпына келтіруге бағытталған атмосфералық қысымды суық плазманы (NTAPP) және диэлектрлік тосқауыл разряды әдісін (DBR) қолдана отырып, инновациялық және экологиялық таза суық плазма технологияларын зерттеу және әзірлеу болып табылады.

Жобаның өзектілігі: Жоба Қазақстанда антропогендік әсердің күшеюіне байланысты өзекті болып отырған су мен топырақ сапасын кешенді қалпына келтіруге бағытталған. Ауыр металдар, органикалық ластағыштар және микропластиктер экожүйелерге, ауыл шаруашылығына және халық денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруде. Ұсынылған технологиялар экологиялық инженерия саласында маңызды шешім ұсынып, табиғат қорғау тәжірибесін жаңартуға мүмкіндік береді. Оларды тиімді енгізу халықтың өмір сапасын арттырып, Қазақстанның экологиялық қауіпсіз технологиялар саласындағы позициясын күшейтеді..

Ғылыми жетекші: Қауымдастырылған профессор, Тоқтар Мұрат

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба аясында суық плазма арқылы түзілетін реактивті оттегі мен азот қосылыстарының түзілуі мен олардың микропластиктерге, органикалық және ауыр металдарға, сондай-ақ микроорганизмдерге әсер ету механизмдері зерттеледі. Плазма параметрлерінің (қуат, қысым, өңдеу уақыты) ластаушы заттарды жою тиімділігіне әсері анықталып, оңтайлы жұмыс режимдері ұсынылады. Тазарту процестерінің кинетикалық модельдері әзірленіп, су мен топырақты тиімді қалпына келтіру әдістері, соның ішінде биокөмірмен біріктірілген тәсілдер қарастырылады. Реакторлардың конструкциясы мен энергия тиімділігі оңтайландырылып, технологияның экологиялық қауіпсіздігі мен қолдану мүмкіндіктері бағаланады. Сонымен қатар плазманың микроорганизмдерге әсері, дезинфекция механизмдері және ыдырау өнімдерінің уыттылығы зерттеледі. Жоба нәтижесінде технологияны өнеркәсіптік деңгейде қолдану, су тапшылығы мен инфекциялардың таралуын азайтуға бағытталған шешімдер ұсынылады. Бағдарлама қорытындысында ғылыми жарияланымдар, монографиялар және патенттер алынып, экожүйені қалпына келтіруге арналған тиімді әрі экологиялық таза технология енгізіледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту