24 маусым 944

АР19680576 – Медициналық мақсатта жараны емдеуде ұзақ әсері бар көп функцияналды полимер композиттік материал әзірлеу

АР19680576 – Медициналық мақсатта жараны емдеуде ұзақ әсері бар көп функцияналды полимер композиттік материал әзірлеу

Жоба мақсаты: Күміс нанобөлшектерімен модификацияланған бентонит, биополимер және белсенді дәрілік зат негізінде ұзақ әсер ететін көпфункционалды жараларды емдейтін 3D ПОЛИМЕР композициялық материалын әзірлеу.

Жоба өзектілігі: Қазақстандық кен орнының қолжетімді табиғи бентонитті саздарын қолдану және олардың негізінде күміс нанобөлшектерімен модификацияланған 3D-ПКМ бентониттері үшін толтырғыш алу.

Ғылыми жетекшісі: Химия ғылымдарының докторы, Қауымдастырылған профессор, Керимкулова Айгуль Жадраевна

Алынған нәтижелер: Зерттеу барысында Қазақстанның табиғи бентониттеріне кешенді физика-химиялық талдау жүргізіліп, оларды модификациялау және белсендіру әдістері әзірленді. Декатионизация және «жасыл» синтез негізінде күміс нанобөлшектерін алу және оларды бентонит құрылымына енгізу әдістері оңтайландырылды. Нәтижесінде жоғары антимикробтық қасиеттері бар тұрақты нанокомпозиттер алынды. Сонымен қатар, желатин, крахмал және КМЦ негізінде 3D полимерлі композициялық материалдар әзірленіп, олардың құрамына дәрілік заттар иммобилизацияланды. Алынған материалдар жоғары биосәйкестілік, механикалық тұрақтылық және ұзақ әсер ететін антисептикалық қасиеттер көрсетті. Ұсынылған технология медициналық мақсаттағы тиімді және экологиялық қауіпсіз материалдарды жасауға мүмкіндік береді.

Жарияланымдар тізімі

  1. Kabdrakhmanova S.K. et al. Bentonite-based composites in medicine: synthesis, characterization, and applications // Journal of Composites Science. – 2025. – Vol. 9, No. 6. – P. 310. DOI: https://doi.org/10.3390/jcs9060310
  2. Kerimkulova A. et al. Qualitative assessment of the use of Kazakhstan montmorillonite clays as sorbent carriers for pharmaceutical substances // Physical Sciences and Technology. – 2025. – Vol. 12, No. 1–2. – P. 121–133. DOI: https://doi.org/10.26577/phst202512112
  3. Aryp K., Kabdrakhmanova S., Nauryzova S., Shaimardan E., Kantay N., Kerimkulova A.Zh., Beisebekov M.M., Kukhareva A.D., Berdibay N. Acid modification of bentonites Kalzhat and Orta Tentek and study their physicochemical properties // Вестник НЯЦ РК. – 2025. DOI: https://doi.org/10.52676/1729-7885-2025-3-77-85
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту