AP26198395 – Тапшы реакциялық-флюстеуші компоненттерді өндірістік қалдықтарына ауыстыра отырып, құрамында қорғасыны бар қалдықтар мен қайталама шикізатты кешенді қайта өңдеудің энергияны үнемдейтін және импортты қажет етпейтін инновациялық технологиясын ә
Мақсаты – Тапшы реакциялық-флюсті компоненттерін қысқарта отырып және тауарлық өнімдерге барлық құнды компоненттерді кешенді шығарып, төмен температуралы электр балқыту жолымен құрамында қорғасыны бар шикізат пен өнеркәсіптік өнімдерді кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеу.
Жобаның өзектілігі: Аталған жобаның өзектілігі Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелердің ушығуымен байланысты, оның ішінде қоршаған ортаның ластануы, қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің төмендігі және ағынды суларды тазартудың тиімсіздігі бар. Экологиялық жағдайдың нашарлауына 120 млн тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтардың жинақталуы елеулі әсер етуде, олардың көлемі жыл сайын бірнеше миллион тоннаға артып отыр. Сонымен қатар, минералдық шикізаттың сапасы төмендеуде, бұл ресурстардың шектеулілігі жағдайында оларды тиімді пайдалану үшін жаңа тәсілдерді іздеуді талап етеді. Осы ретте техногендік қалдықтардың едәуір бөлігі құрамында бағалы металдар бар және оларды қайта өңдеуге арналған екінші реттік шикізат ретінде қарастыруға болады. Қорғасын құрамды шаңдар мен ұсақ дисперсті қалдықтарды қайта өңдеуге тарту экологиялық және экономикалық міндеттерді қатар шешуге мүмкіндік береді. Басқа салалардың қолжетімді қалдықтарын пайдалану арқылы инновациялық технологияларды дамыту тұрақты және экологиялық қауіпсіз өндірістерге көшуге жағдай жасайды.
Ғылыми жетекші: Техника ғылымдарының магистрі, Техникалық ғылымдар кандидаты, Қауымдастырылған профессор, Молдабаева Гульнара Жаксылыковна
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жобаның ағымдағы кезеңінде қорғасын құрамды техногендік және екінші реттік шикізатты балқыту процесін жобалау үшін қажетті бастапқы деректер базасы қалыптастырылды. Olympus Vanta XRF-анализаторы арқылы элементтік талдау, сканерлеуші электрондық микроскопия (SEM) әдісімен микроструктуралық зерттеу, X’Pert PRO MPD және JED-2300 дифрактометрлерінде фазалық талдау, сондай-ақ UV/VIS UV5 құрылғысында жекелеген компоненттерді спектрофотометриялық анықтауды қамтитын кешенді аналитикалық зерттеулер жүргізілді. Алынған нәтижелер негізінде кальций дефекаты, нефелин шламдары және темірбетон қалдықтары сияқты шаңдар мен қалдықтардың құрамы нақтыланып, 800–1200 °С температура аралығында Outotec HSC Chemistry v.8.1.5 бағдарламасында Pb–Ca–Na–C–S–O жүйесіне термодинамикалық модельдеу жүргізілді. Модельдеу нәтижелері дәстүрлі флюстердің үлесін азайту жағдайында қорғасынды тиімді қалпына келтіруге және тұрақты силикатты-сульфатты фазалардың түзілуіне мүмкіндік бар екенін көрсетті. Қолжетімді қалдықтарды флюстеуші қоспалар ретінде пайдалану материалдық шығындарды азайтуға, екінші реттік ресурстарды қайта өңдеу деңгейін арттыруға және процестің экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал ететіні дәлелденді. Алынған нәтижелер шихтаның оңтайлы құрамын таңдауға және электрбалқыту процесі бойынша кейінгі тәжірибелік зерттеулерді жүргізуге негіз болады.