AP25797039 – Қазақстанның мұнай-газ секторындағы жобаларды басқарудың тиімділігін арттыру: тәуекелдерді сапалы бағалауға тәуекелге бейімділіктің әсері
Мақсаты – Төмен температурада (77 К) және атмосфералық қысымда (101325 Па, 1 атм.) көмірсутек отындарының қасиеттері туралы фундаменталды деректерді алу үшін FTIR-спектроскопиялық зерттеу бойынша технологияны жаңғырту және әдістемені әзірлеу.
Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі Қазақстан экономикасындағы мұнай-газ секторының маңызды рөлімен негізделеді, ол елдің ЖІӨ-нің шамамен төрттен бір бөлігін құрайды. Жобалық тәсіл енгізілгеніне қарамастан, көптеген жобалар мерзім мен бюджет бойынша қойылған мақсаттарға жете алмай отыр, бұл халықаралық зерттеулермен расталады. Жобалардың сәтсіздігінің негізгі себебі – тәуекелдерді басқарудың жеткіліксіз тиімділігі. Әсіресе, тәуекелдерді сапалық бағалауда сарапшылардың жеке тәуекелге бейімділігіне байланысты субъективтілік мәселесі маңызды болып табылады. Сонымен қатар, PMBOK сияқты қолданыстағы стандарттар Қазақстанның мұнай-газ саласының ерекшеліктерін толық ескермейді. Сондықтан жоба тәуекелдерді бағалаудағы субъективтілікті азайтуға және стратегиялық маңызды салада жобаларды басқару тиімділігін арттыруға бағытталғандықтан өзекті болып табылады.
Ғылыми жетекші: Техника ғылымдарының магистрі, Байбусинова Жанар Бериковна
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба аясында сандық зерттеу жүргізуге арналған сауалнама құралы әзірленіп, пилоттық зерттеу сәтті жүзеге асырылды. Апробация нәтижелері бойынша құрал жетілдіріліп, толықтырылды. Сауалнама төрт негізгі бөлімнен тұрады: демографиялық деректер, респонденттердің тәуекелге қатынасын бағалау, тәуекелдің 12 факторын басқарылу деңгейі бойынша талдау және олардың әртүрлі сценарийлердегі әсерін бағалау. Мұндай құрылым ұсынылған гипотезаларды тексеру үшін кешенді және көпөлшемді деректер жинауға мүмкіндік берді. Әзірленген құрал тәуекелдерді сапалық бағалаудың дәлдігі мен объективтілігін арттырады. Бұл сарапшылардың жеке ерекшеліктерін ескеру және олардың бағалауларын нормализациялау арқылы қамтамасыз етіледі. Сауалнаманы қолдану сараптамалық бағалаулардағы жүйелі бұрмалауларды анықтауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер тәуекелдерді басқару саласындағы басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Жалпы алғанда, әзірленген әдістеме мұнай-газ саласында тәуекелдерді басқару процесін жетілдіру және практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін негіз қалыптастырады.