6 сәуір 36

AP25793737 – Экзогендік типтегі уран кенорындарындағы ұңғымаларды геофизикалық зерттеу тиімділігін арттыру және деректерді интерпретациялаудың петрофизикалық негіздеу әдістемесін жетілдіру

AP25793737 – Экзогендік типтегі уран кенорындарындағы ұңғымаларды геофизикалық зерттеу тиімділігін арттыру және деректерді интерпретациялаудың петрофизикалық негіздеу әдістемесін жетілдіру

Мақсаты – Экзогендік уран кенорындарында ұңғымалық және зертханалық (ҰГЗ-керн) мәліметтердің корреляциялық байланыстарын алу әдістемесін жетілдіруде, ҰГЗ деректері бойынша геологиялық орталардың геологиялық, кәсіпшілік, технологиялық және ресурстық параметрлерін алу үшін орындалады.

Жобаның өзектілігі: Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу әдістері Қазақстандағы экзогендік типтегі уран кенорындарын кешенді зерттеу үшін маңызды. Олар деректерді қауіпсіз және тиімді жинауға мүмкіндік береді, сондай-ақ кенорындардағы геологиялық және технологиялық мәселелерді шешуде шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіп үшін өзекті мәселе – ұңғыма деректерін түсіндіру дәлдігін арттыру және лабораториялық мәліметтермен (керн) корреляциялық байланыстарды анықтау. Жобадағы зерттеулер кенорындардың физикалық-геологиялық сипаттарын жүйелеуге, сейсмикалық және геофизикалық әдістердің сенімділігін арттыруға бағытталған.

Ғылыми жетекші: Техника ғылымдарының магистрі, Әсірбек Назерке Әсірбекқызы.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба барысында экзогендік типтегі уран кенорындарында ұңғымалық және зертханалық мәліметтерді салыстыра отырып, геофизикалық зерттеулердің дәлдігін арттыру көзделеді. Алынған нәтижелерге таужыныстар мен кендердің физикалық қасиеттерін жүйелеу, карбонаттылық пен саздылық факторларының физикалық өрістерге әсерін анықтау кіреді. Индукциялық каротаж әдісі кен сыйымдылығы мен фильтрациялық қасиеттерді бағалауда жоғары сенімділікті көрсетті. Жоба нәтижелері ғылыми мақалаларда жарияланады және технологиялық үдерістерді оңтайландыруға, зерттеу әдістемелерін жетілдіруге ықпал етеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту