6 сәуір 92

AP25793601 – Ұңғымалардың өзара әрекеттесуін есепке алу және оларды орналастырудың оңтайлы схемасын таңдау арқылы мұнай кен орындарының су айдау тиімділігін арттыру

AP25793601 – Ұңғымалардың өзара әрекеттесуін есепке алу және оларды орналастырудың оңтайлы схемасын таңдау арқылы мұнай кен орындарының су айдау тиімділігін арттыру

Мақсаты – Жобаның негізгі мақсаты жетілген кен орындары үшін игеру торын қалыптастыру бойынша зерттеулер жүргізу, сондай-ақ қабаттың әртүрлі параметрлерін және олардың интерференциясын ескере отырып, ұңғымалар торын тығыздау рентабельділігін бағалау болып табылады..

Жобаның өзектілігі: Мұнай кен орындарының басым бөлігінің жетілген даму сатысына өтуімен және мұнай өндіру тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Қабат қысымын ұстап тұру үшін су айдау кеңінен қолданылғанымен, ұңғымалардың өзара әрекеттесуін және сулану үдерістерін дәл болжау мәселелері әлі де толық зерттелмеген. Ұңғымалардың орналасу тығыздығын оңтайландыру және олардың интерференциясын азайту мұнай қайтарымын арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Осыған байланысты су айдау жүйелерін жетілдіру және ұңғымалардың өзара әрекеттесуін зерттеу өзекті ғылыми-практикалық міндет болып табылады.

Ғылыми жетекші: Техника ғылымдарының магистрі, Балуанов Бакытжан.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Зерттеу барысында қабаттың геологиялық-геофизикалық сипаттамаларына байланысты ұңғымалар торының әртүрлі нұсқалары талданады және ұңғымалар интерференциясының әсерін сипаттайтын сапалық карта жасалады. Су айдау жағдайларын талдау үшін кен орны таңдалып, оның деректер базасы коллектор типтері бойынша өңделді. Әдеби шолу жүргізіліп, ұсынылған гипотеза тексерілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ұңғымалардың өзара әсерін сандық бағалау әдістерін жетілдіруде және жетілген кен орындары үшін ұңғымалар торын оңтайландыру критерийлерін анықтауда көрінеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту