AP23485052 – Түпкі кенорындар кендерінде, құм шашылымдарында және оларды қайта өңдеу өнімдеріңдегі жұқа және наноөлшемді алтынды зерттеу әдістемесін әзірлеу
Мақсаты – түпкір кенорындардың кендеріндерінде, шашылымдарда және олардың қайта өңдеу өнімдеріндегі жұқа және наноалтынды зерттеу әдістемелерін әзірлеу арқылы Қазақстанның алтын қорын көбейтеді.
Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі дәстүрлі әдістермен анықтау қиын болатын ұсақ және наноөлшемді алтынды зерттеу арқылы алтын өндіру тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Қазіргі уақытта қолданыстағы аналитикалық тәсілдер мұндай алтынның кендер мен шашылымдардағы таралуы мен болу формаларын сенімді анықтауға мүмкіндік бермейді. Оның дисперсті таралуы мен үгілу қыртысында миграцияға қабілеттілігі ерекше қиындық туғызады, бұл жаңа зерттеу әдістерін әзірлеуді талап етеді. Сульфидті минералдардағы алтынның нанобөлшектерінің кең таралуы оларды толық әрі тиімді алу үшін жан-жақты зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Ультраұсақ және шаңтәрізді алтын формалары бар дәстүрлі емес кен орындары үшін заманауи жоғары дәлдікті аналитикалық әдістер ерекше қажет. Сондықтан ұсақ және наноөлшемді алтынды зерттеудің тиімді әдістемесін әзірлеу Қазақстан Республикасының алтын қорын арттыруға және минералдық-шикізат базасын дамытуға бағытталған өзекті міндет болып табылады.
Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Қауымдастырылған профессор, Омарова Гульнара Магаувьяновна
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жобаны іске асыру барысында далалық зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде алтынды шашылым минералдануына тән жыныстардың минералдық құрамы жан-жақты зерттелді. Минералданған аймақтар анықталып, кейінгі аналитикалық зерттеулер үшін үлгілер іріктелді. Жиналған материалдар минералданған аймақтарды тануға арналған визуалды минералогиялық және петрографиялық критерийлерді анықтауға, сондай-ақ одан әрі жұмыстар бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ырғайты, Жолбарысты және Келіншектау кен орындарында далалық зерттеулер жүргізіліп, репрезентативті үлгілер алынды. Зертханалық жағдайда гранулометриялық, спектрлік, химиялық және атомдық-абсорбциялық талдауларды қамтитын кешенді аналитикалық зерттеулер орындалды. Сонымен қатар, сынамалық, сцинтилляциялық, рентген-фазалық және фазалық химиялық талдаулар жүргізіліп, үлгілердің минералдық құрамы мен алтын мөлшері анықталды. Микроминералогиялық зерттеулер үшін шлифтер мен аншлифтер дайындалды. Үлгілердің бір бөлігі Ұлыбританиядағы Лондон қаласындағы Табиғи тарих музейінде заманауи жабдықтарды (SEM, LA-ICP-MS, Tescan TIMA) қолдана отырып зерттелді, бұл алтынның кездесу формалары мен алтынқұрамды фазалардың құрамын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеулер нәтижесінде алтынның күміс, висмут, теллур және мышьяк сияқты элементтермен парагенетикалық байланыстары анықталды. Алтынның типоморфтық ерекшеліктері мен химиялық құрамы, оның ішінде шашылым және коренді кен орындарындағы «жаңа» алтынның сипаттамалары анықталды. Алғаш рет жұқа және наноөлшемді алтынның кездесу формалары туралы деректер алынып, олардың жоғары практикалық маңызы дәлелденді. Алтын нанобөлшектерінің түзілуі мен агрегациясының алдын ала механизмі әзірленіп, оған үгілу, тасымалдану, шөгу және жинақталу процестері енгізілді. Алтынның қалыптасуы гидродинамикалық, механикалық және геохимиялық процестердің кешенді әсерімен жүзеге асатыны көрсетілді, бұл кен орындарының қалыптасу жағдайларын нақтылауға және оларды зерттеу мен игеру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.