24 маусым 342

AP22788965 – Қазақстанның газ тасымалдау магистральдарының қалдық ресурсын бағалау және жөндеу әдістерін әзірлеу

AP22788965 – Қазақстанның газ тасымалдау магистральдарының қалдық ресурсын бағалау және жөндеу әдістерін әзірлеу

Жоба мақсаты: Қазақстанда магистральдық газ құбырларын мониторингтеу және бақылау тәсілдерін құру, бұл коррозиялық бұзылу қаупі жоғары құбырлардың учаскелерін уақтылы анықтауға, сондай-ақ жоспарлы жөндеу жұмыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жоба өзектілігі: Жоба Қазақстандағы магистральдық газ құбырларының тозуына, коррозиялық бұзылу қаупінің жоғары болуына және газ тасымалдау жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру қажеттілігіне байланысты өзекті. Заманауи мониторинг пен болжау әдістері ақауларды уақтылы анықтауға, апаттар санын азайтуға және пайдалану шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Бакешева Айгуль Темербековна

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жұмыс аясында құбырлардың беріктік сипаттамаларын бағалау және коррозиялық процестердің даму заңдылықтарын зерттеу бойынша кешенді есептік-эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Коррозиялық деформациялар мен кернеу жағдайларын талдау негізінде процестің математикалық моделі әзірленді. Бұл модель эксплуатациялық және металлургиялық параметрлерді ескере отырып, коррозиялық жарылу тәуекелін жоғары дәлдікпен болжауға мүмкіндік береді. «QazaqGaz» АҚ магистральдық құбыр үлгілеріне металлографиялық зерттеулер орындалып, материал құрылымының ерекшеліктері анықталды. Зерттеу нәтижесінде коррозияның даму динамикасын сипаттайтын модельдік тәсілдер жетілдірілді. Сонымен қатар алынған нәтижелер негізінде бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп, практикалық қолдануға енгізу мүмкіндігі көрсетілді. Жоба нәтижелері инженерлік диагностика мен құбыр жүйелерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Жарияланымдар тізімі

1. Авторское свидетельство № 53714. Программа для ЭВМ «GasPipelineInsight» = ЭЕМ-ге арналған бағдарлама «GasPipelineInsight». – Казахстан, 2025. – Патентообладатель: Бакешева А.Т., Бакешева А.М. – Б. м.: Б. и. – 1 с. – (Программное обеспечение для анализа внутритрубной дефектоскопии и оценки коррозионных процессов).

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту