Металлургиялық процестер, жылутехника және ұнтақ металлургиясы зертханасы
Ғылыми жетекші: PhD, ассоц.профессор Чепуштанова Т.А.
Мақсаты — металлургиялық шикізаттың термиялық ыдырау процестерін зерттеу, күйдіру мен балқыту процестерінің оңтайлы жағдайларын анықтау, гидрометаллургияның оңтайлы процестерін анықтау, реагенттерді іріктеу, пиро- және гидрометаллургиялық бағыттағы зерттеу объектілеріне физика-химиялық зерттеулер жүргізу, металлургиялық процестерді қолдауға арналған жылутехникалық есептеулер жасау, ұнтақ металлургиясының дайын өнімдерін алу, түсті металл ұнтақтары, отқа төзімді материалдар, арнайы мақсаттағы қорытпалар түрінде арнайы материалдар алу.
Зертхананың міндеттері:
- Кен және кен емес шикізаттың химиялық құрамын рентгенофлуоресценттік талдаумен анықтау (стационарлық және портативті режимдер);
- Вакуум, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш ортада күйдіруді жүргізу (ротациялық вакуумды түтікті пеш). Кен және техногендік шикізатты, сондай-ақ түсті металдар концентраттарын үздіксіз термиялық ыдырату. Бұл жабдық өндіріске жақын зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Негізгі бағыт — сирек, түсті және асыл металдарды өндіру;
- Металлургиялық шикізатты атомдық-абсорбциялық талдау, белгілі бір толқын ұзындығындағы жарықты атомдардың сіңіру қасиеттеріне негізделген сандық талдау (резонанстық сіңіру), зерттеу объектілерінің химиялық құрамын анықтау; сулы және сулы емес ерітінділердің атомдық абсорбция спектрлері бойынша заттардың химиялық құрамын анықтау әдісі;
- Ұсату кешені арқылы сирек және сирек жер элементтерін қамтитын концентраттарды байыту, ірі және ұсақ фракцияларды ұсатуды, түрлі фракцияларды майдалауды қамтиды;
- Бейорганикалық және органикалық шикізатты термиялық талдау, фазалық өтулерді зерттеу және анықтау, массаның азаюы, зерттеу объектілерінің дегидратациясы, шикізаттың жылу сыйымдылығын, реакция ретін анықтау, әртүрлі құрамдағы ұнтақтардың термиялық ыдырауын анықтау (STA 449 F3 синхронды термиялық анализатор);
- Экстрактивтік және ұнтақ металлургиясы зерттеу объектілерінің жылу өткізгіштігін, жылу сыйымдылығын және температура өткізгіштігін талдау (LFA 467 HyperFlash®, NETZSCH анализаторы);
- Күйдіру, балқыту, сілтісіздендіру және экстракция процестерінің термодинамикалық және кинетикалық шамаларын анықтау, күйдіру мен балқыту процестерін модельдеу (STA 449 F3 синхронды термиялық анализатор).
Тұтынушылар: «Балауса» фирмасы ЖШС, «Казахмыс» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Қазатомпром» ҰАК, «АК Алтыналмас» АҚ, «KAZ Minerals», «Қостанай минералдары» АҚ, «НИИЦ ERG» ЖШС, «Соколов-Сарбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Шұбаркөл Комір» ЖШС және басқа да жер қойнауын пайдаланушылар.
Зертхананың бірегейлігі — пиро-, гидрометаллургия, ұнтақ металлургиясы және металлургиялық жылутехника міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін технологиялық және аналитикалық жабдықтар кешенімен алғаш рет жарақталған; шикізатты байыту әдістерінен бастап арнайы мақсаттағы ұнтақ өнімдер немесе қорытпалар түрінде өнім алуға дейін «кілт тапсыру» форматында металлургиялық технологияны әзірлеу; зерттеу объектілерінің термиялық ыдырауы бойынша болжау мен модельдеу арқылы бірегей нәтижелер алу.
Тиімділік: 2023 және 2024 жылдары «Балауса» фирмасы ЖШС-мен 12 000 000 теңге сомасына шарттар жасалды; сатып алынған ұсату кешені жабдықтарында ванадий қамтитын шикізатты термиялық ыдырату процесінің технологиясы бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілуде, BR21881939 ИРН ПМФ «Тау-кен металлургиялық кешені үшін ресурс үнемдейтін энергия өндіруші технологияларды әзірлеу және инновациялық инжиниринг орталығын құру» жобасы аясында оңтайлы жағдайлар анықталуда. Болашақта ERG компаниясымен және «АО УК ТМК» АҚ-мен жобалар жоспарлануда; зертхананы ашу шығындарды 5 жыл ішінде өтеуге мүмкіндік береді.
БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:
SDG 4 — Сапалы білім;
SDG 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу;
SDG 9 — Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым;
SDG 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс;
SDG 17 — Мақсаттарға жету үшін серіктестік