30 наурыз 77

AP26197535 – Металлургиялық қалдықтар негізінде геополимерлік композиттерді әзірлеу

AP26197535 – Металлургиялық қалдықтар негізінде геополимерлік композиттерді әзірлеу

Мақсаты – қоршаған ортаға аз әсер ететін экологиялық таза, берік және тұрақты құрылыс материалдарын жасау үшін металлургиялық қалдықтар негізінде геополимерлер өндіру технологияларын әзірлеу және оңтайландыру.

Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі байыту фабрикаларының техногендік минералдық қалдықтарын (жинақталған қалдықтарын) тиімді кәдеге жарату қажеттілігімен байланысты, өйткені олар үлкен көлемде жиналып, бағалы шикізаттың әлеуетті көзі болып табылады. Аталған қалдықтарды өнеркәсіптік өндіріске тарту табиғи ресурстарға түсетін жүктемені азайтуға және шикізаттық базаны сақтауға мүмкіндік береді. Сапалы кен орындарының сарқылуы жағдайында екінші реттік ресурстарды өңдеудің экономикалық тұрғыдан тиімді технологияларын әзірлеуге деген қажеттілік артып келеді. Ультражұқа ұнтақтау әдісін қолдану қалдықтардағы пайдалы минералдардың толық ашылуына ықпал етіп, оларды алу тиімділігін арттырады. «Jameson Cell» флотациялық машинасын қоса алғанда, заманауи байыту әдістерін пайдалану технологиялық параметрлерді оңтайландыруға және бағалы компоненттердің шығымын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және мамандардың біліктілігін көтеруге ықпал етеді.

Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Кафедра меңгерушісі, Амитова Айгуль Амантаевна

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Зерттеу барысында қызыл шлам және микрокремнезём сияқты металлургиялық қалдықтарды геополимерлік композиттер алу үшін тиімді пайдалануға болатыны дәлелденді. Алынған материалдардың тығыз құрылымға ие екендігі және олардың беріктік қасиеттерін қамтамасыз ететін N–A–S–H типті алюмосиликатты байланыстар түзетіні анықталды. Сондай-ақ сілтілік активаторлардың құрамы мен концентрациясының геополимерлердің құрылымы мен фазалық құрамына әсері анықталды. Бұл материалдардың қасиеттерін қолдану мақсатына байланысты басқарудың ғылыми негізделген тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Әзірленген геополимерлердің жоғары беріктікке, ұзақ мерзімділікке және сыртқы әсерлерге төзімділікке ие болуы күтілуде. Олардың құрамында металлургиялық қалдықтарды қолдану экологиялық жүктемені азайтып, құрылыс және химия салаларында ресурстық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екінші реттік ресурстарды пайдалану материал өндірісінің өзіндік құнын төмендетеді. Жалпы алғанда, жоба нәтижелері экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді геополимер өндірісі технологияларын енгізуге негіз болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту