6 сәуір 47

AP25795745 – Штангалық ұңғымалық сорап қондырғыларының клапан торабының жаңа моделін әзірлеу және оның пайдалану сипаттамаларын арттыру бойынша зерттеу

AP25795745 – Штангалық ұңғымалық сорап қондырғыларының клапан торабының жаңа моделін әзірлеу және оның пайдалану сипаттамаларын арттыру бойынша зерттеу

Мақсаты – сорап клапандарының құрылымын жетілдіру арқылы мұнай өндіруге арналған штангалық ұңғымалық сорап қондырғыларының қызмет ету мерзімін ұзарту. Бұл жабдықтың жұмыс тиімділігін арттыруға және оның істен шығу жиілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда мұнай кен орындарының көпшілігі пайдалану мерзімінің ұзаруына байланысты сораптық өндіру әдістеріне көшуде. Штангалық ұңғымалық сорап қондырғылары кеңінен қолданылғанымен, олардың сенімділігі мен қызмет ету мерзімін арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Әсіресе, клапан тораптарының жиі істен шығуы жабдықтың тоқтап қалуына және қосымша шығындарға әкеледі. Осыған байланысты сорап элементтерінің құрылымын жетілдіру қажеттілігі туындайды. Зерттеу осы мәселелерді шешуге және мұнай өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ғылыми жетекші: PhD докторы - Балғаев Досжан Ергенұлы.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Зерттеу нәтижелері бойынша жаңа конструкциялы штангалық ұңғымалық сорап клапандық торабын әзірлеу жүзеге асырылды, оның техникалық жаңашылдығы және оңай енгізілу мүмкіндігі дәлелденді. Есептік және эксперименттік зерттеулер клапан элементінің айналуын және шариктің орнықты қонуын қамтамасыз ететін шешімді көрсетті. Эмпирикалық сынақтар насостардың жұмыс ресурсы мен жөндеуаралық кезеңін 150 тәулікке және одан да көпке дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жоба шеңберінде клапанның эскиздік сызбалары жасалып, тәжірибелік партия 3D принтерде дайындалды. Алынған нәтижелер мұнай-газ кәсіпорындарына коммерциялық енгізу үшін нақты негіз береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту