14 сәуір 166

AP25795525 – Турбина қалақтарының мұздануының жұмыс тиімділігіне әсерін зерттеуге арналған төменгі қуатты жел электрлік қондырғысын жасау

AP25795525 – Турбина қалақтарының мұздануының жұмыс тиімділігіне әсерін зерттеуге арналған төменгі қуатты жел электрлік қондырғысын жасау

Мақсаты – Турбина қалақтарының мұздануы жағдайында қуаты төмен жел электр станциясының тиімділігін зерттеу және оңтайландыру.

Жобаның өзектілігі: Қазақстанның солтүстік өңірлеріне тән қатал климат жағдайында жел турбиналары қалақтарының мұздану мәселесінің кең таралуымен байланысты. Мұздану жел электр қондырғыларының тиімділігін айтарлықтай төмендетіп, олардың сенімді жұмысына кері әсер етеді. Осыған байланысты, төмен қуатты жел қондырғыларының жұмысын оңтайландыру және мұздануды азайту технологияларын әзірлеу аса маңызды болып табылады. Бұл зерттеу жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалануға және олардың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, жоба нәтижелері елдің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Ғылыми жетекші: Техника ғылымдарының магистрі, Омаров Жақсылық Талғатұлы.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science және Scopus дерекқорларында жоғары рейтингті журналдарда кемінде екі ғылыми мақала жариялау жоспарлануда. Жоба аясында қалақтардың мұздануының турбина тиімділігіне әсерін зерттеуге арналған төмен қуатты жел электр қондырғысының прототипі әзірленді. Бұл прототип арнайы тоңазытқыш камерасымен жабдықталып, қалақтарда мұз жамылғысын жасанды түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеулер мұзданудың жел қондырғыларының жұмыс өнімділігіне теріс әсерін жан-жақты талдауға жағдай жасады. Сонымен қатар, мұздануды азайтудың тиімді әдістерін әзірлеуге негіз қаланды. Алынған нәтижелерді оқу процесіне енгізу және ғылыми зерттеулерде қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Жоба нәтижелері жел энергетикасының ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға және еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Жарияланымдар тізімі

  1. Bekbolatova Zh., Grigoryev D., Minazhova S., Bekbayev A., Omarov Zh., Kozhageldi B. Wind Power Forecasting Based on Time Series Autoregressive Moving Average Model Taking into Account the Effect of Wind Speed Dispersion ES Energy & Environment. – 2026. – Vol. 31. – Article 2025. DOI: https://dx.doi.org/10.30919/ee2025
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту