14 сәуір 142

AP25795409 – Плазмалық электролиттік оксидтеу әдісімен алюминий қорытпаларының беткі қабатын өңдеп зерттеу

AP25795409 – Плазмалық электролиттік оксидтеу әдісімен алюминий қорытпаларының беткі қабатын өңдеп зерттеу

Мақсаты – Биполярлық ток режимінде плазмалық электролиттік оксидтеу (ПЭО) әдісімен алюминий қорытпаларының бетінде жоғары берік мен коррозияға төзімді керамика-тәріздес оксидті жабындарды алу және процесті оңтайландыру мақсатында өңдеу параметрлерінің әсерін зерттеу.

Жобаның өзектілігі: Алюминий қорытпаларының кеңінен қолданылуына қарамастан, олардың төмен қаттылығы мен тозуға төзімділігінің жеткіліксіздігімен байланысты. Бұл мәселе олардың ұзақ мерзімді пайдаланылуын шектейді және қосымша қорғаныс әдістерін қажет етеді. Плазмалық электролиттік оксидтеу әдісі алюминий қорытпаларының беткі қасиеттерін жақсартудың тиімді тәсілі ретінде ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, бұл технологияның энергия тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік қолдану мүмкіндіктерін кеңейту қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Осы бағыттағы зерттеулер материалдардың қызмет ету мерзімін ұзартып, олардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ғылыми жетекші: PhD, Ешманова Гаухар Бауыржанкызы.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба аясында алюминий қорытпалары үшін биполярлық ток режиміндегі плазмалық электролиттік оксидтеу (ПЭО) процесінің негізгі параметрлері оңтайландырылатын болады. Нәтижесінде электрохимиялық және механикалық қасиеттері жақсартылған беттік модификацияланған материал алу жоспарлануда. Жүргізілген зерттеулер барысында алюминий қорытпаларында ПЭО жабындарын қалыптастыру бойынша кең әдеби шолу жасалып, өңдеудің негізгі параметрлері анықталды. Сонымен қатар, биполярлық ток режиміндегі «жұмсақ ұшқын» процесі зерттеліп, оның қалыптасуына әсер ететін факторлар талданды. Алынған нәтижелер ПЭО жабындарының құрылымы мен фазалық құрамын дәл басқаруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Жоба нәтижелері бойынша халықаралық және отандық ғылыми журналдарда кемінде үш мақала жариялау жоспарлануда. Зерттеу қорытындылары ПЭО технологиясының энергия тиімділігін арттыруға және оны өнеркәсіпте кеңінен қолдануға негіз болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту