AP25794995 – Беріктігі жоғары бетон конструкцияларының қасиеттерін жақсарту үшін гибридті талшықтарды пайдалану: болат пен синтетикалық талшықтардың комбинациясының жарықшақтарға төзімділігі мен иілгіштікке әсері
Мақсаты – Сейсмикалық жүктемелерге төзімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, гибридті талшықтармен (болат, полипропилен және базальт) жоғары берік бетонды әзірлеу. Бұл бетон жоғары беріктікке, жарыққшақтарға төзімділікке ие болады, бұл әсіресе сейсмикалық және Қазақстанның экстремалды климаттық жағдайларына ұшыраған құрылымдар үшін маңызды.
Жобаның өзектілігі: Қазақстанның сейсмикалық белсенді аймақтарында қауіпсіз әрі ұзақ мерзімді құрылыс материалдарына деген қажеттіліктің артуымен байланысты. Дәстүрлі бетон материалдары жарықшақтарға төзімділігі мен иілгіштігінің төмендігіне байланысты экстремалды жағдайларда тиімділігін толық қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты гибридті талшықтарды қолдану арқылы бетонның механикалық қасиеттерін жақсарту ерекше маңызға ие. Мұндай тәсіл құрылыс конструкцияларының сенімділігін арттыруға және олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері құрылыс индустриясының инновациялық дамуына ықпал етеді.
Ғылыми жетекші: PhD, Хамза Ерлан Ерғалиұлы.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба аясында гибридті талшықтары бар жоғары берікті бетон құрамдарын оңтайландыруға арналған тиімді әдістеме әзірленетін болады. Үш факторлы математикалық модельдеу негізінде бетонның беріктігі, жарықшаққа төзімділігі және иілу қасиеттері жақсартылған оңтайлы құрамдар анықталады. Зерттеу барысында 10 базалық және 30 оңтайландырылған бетон қоспалары дайындалып, гибридті талшықтардың (болат, полипропилен және базальт) әсері жан-жақты талданды. Нәтижелер гибридті арматураның синергетикалық әсерін көрсетіп, бетонның механикалық және деформациялық қасиеттерін жақсартатынын дәлелдеді. Сонымен қатар, бетон құрылымындағы фракталдық ерекшеліктердің жарықшақ түзілуіне және кернеулердің таралуына әсері анықталды. Жоба нәтижелері жаңа материалды өнеркәсіптік қолдануға бейімдеуге және құрылыс саласында кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Алынған ғылыми нәтижелер құрылыс материалдарының сапасын арттыруға және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жарияланымдар тізімі
- Nurlybayev R.E., Kuldeyev E.I., Yestemessova A.S., Altayeva Z.N., Orynbekov Y.S., Murzagulova A.A., Iskakov A.A., Abisheva G.K., Khamza Y.Y. Thermal Insulation Dry Construction Mixture Based on Diatomite Coatings. – 2025. – Vol. 15. – Article 811. DOI: https://doi.org/10.3390/coatings15070811