AP19679937 – Тетрациклин/CuO нанобөлшектері бар целлюлоза наноталшықтары мен альгинат негізіндегі гибридті-гельдердің синтезі және қасиеттері
Жобаның мақсаты Биомедициналық мақсатта күріш қауызынан алынған целлюлоза наноталшықтары негізінде наногибридті гель алу әдісін әзірлеу, сонымен қатар CuO және тетрациклин нанобөлшектерін енгізу және олардың қасиеттерін зерттеу арқылы алынған наногибридті гельдің бактерияға қарсы және емдік қасиеттерін жақсарту.
Өзектілігі: Бұл тақырыптың өзектілігі биомедицинада қауіпсіз, тиімді және қолжетімді антибактериалдық материалдарға деген сұраныстың артуымен байланысты. Күріш қауызы сияқты қалдық шикізатты пайдалану экологиялық мәселелерді шешіп, тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келеді. Наноцеллюлоза негізіндегі гибридті материалдар жараларды емдеу және тіндердің регенерациясын жеделдету саласында жоғары әлеуетке ие.
Ғылыми жетекшісі: PhD, Құдайбергенов Қ.Қ.
Алынған нәтижелер: Бұл ғылыми-зерттеу жұмысында күріш қауызынан микрокристалды целлюлоза алынып, күкірт қышқылды гидролиз арқылы наноцеллюлозаға дейін түрлендірілді және оның негізінде НЦ-альгинат-CuO (± тетрациклин) гибридті гельдер әзірленді. Гельдердің тиімді құрамы мен синтез шарттары анықталып, олардың құрылымдық, морфологиялық және физика-химиялық қасиеттері кешенді түрде зерттелді. Алынған материалдар жоғары биосәйкестік, жақсы механикалық қасиеттер және айқын антибактериалдық белсенділік көрсетті. CuO және төмен дозалы тетрациклиннің комбинациясы синергиялық әсер беріп, ангиогенезді күшейтетіні анықталды. Жұмыс нәтижесінде алынған материалдардың жара таңғыштары мен биомедициналық жабындарда қолдану мүмкіндігі дәлелденді. Технология TRL-5 деңгейіне жетіп, әрі қарай масштабтау және клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу ұсынылды.
Жарияланымдар тізімі
- Абдрахманова Л.Е., Рахимова Б.У., Алтынов Е.А., Жантикеев Ұ.Е., Бексейтова Қ.С., Азат С., Құдайбергенов К.К., Дәулетбай А., Нажипкызы М., Мохаммад К. Биомассадан наноцеллюлоза алу және олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу // ҚР ҰЯО жаршысы. – 2024. – №2. – Б. 56–64. DOI: https://doi.org/10.52676/1729-7885-2024-2-56-64
- Шамшиденов М.К., Рахимова Б.У., Жантикеев Ұ.Е., Бексейтова Қ.С., Құдайбергенов К.К. Ауылшаруашылық қалдықтардан микрокристалды целлюлоза алу // Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы минералдық-индустриялық мегакешендегі ресурс үнемдеуші технологиялар: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. – 14–15 наурыз 2024. – Б. 425–427.
- Абдрахманова Л.Е., Қошанова С.Б., Рахимова Б.У., Алтынов Е.А., Жантикеев Ұ.Е., Бексейтова Қ.С., Құдайбергенов К.К. Биомассадан микрокристалды целлюлоза алу және қасиеттерін зерттеу // Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы минералдық-индустриялық мегакешендегі ресурс үнемдеуші технологиялар: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. – 14–15 наурыз 2024. – Б. 440–442.
- Altynov Ye., Bexeitova K., Nazhipkyzy M., Azat S., Konarov A., Rakhman D., Sahiner N., Kudaibergenov K. Nanocellulose hydrogels from agricultural wastes: methods, properties, and application prospects // Nanoscale. – 2025. – Vol. 17. – P. 12580–12619. DOI: https://doi.org/10.1039/D5NR00997A
- Altynov Ye., Rakhimova B., Zhantikeyev U., Bexeitova K., Azat S., Nazhipkyzy M., Kudaibergenov K. Preparation of polymer-based composite films using cellulose derived from agricultural waste // ES Materials and Manufacturing. – 2025. – Vol. 29. DOI: https://dx.doi.org/10.30919/mm1631
- Шамшиденов М.К., Алтынов Е.А., Рахимова Б.У., Бексейтова Қ., Сейтхан А., Құдайбергенов К.К. Ауылшаруашылық қалдықтан микрокристалды целлюлоза алу және оның негізінде гель-пленкалар дайындау // ҚР ҰЯО жаршысы. – 2025. – №3. – Б. 94–102. DOI: https://doi.org/10.52676/1729-7885-2025-3-94-102
- Рахимова Б., Алтынов Е., Жантикеев У., Бексейтова К., Азат С., Құдайбергенов К. Получение микрокристаллической целлюлозы из агробиомассы и разработка биополимерных композитных пленок на ее основе // Combustion and Plasma Chemistry. Physics and Chemistry of Carbon and Nanoenergetic Materials: Book of Abstracts of the XVI International Symposium. – Almaty: Daryn, 2025. – 195 p.