Кен орындарын қазып алу технологияларының цифрлық, компьютерлік модельдеу ғылыми-зерттеу зертханасы

Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Ракишев Б.Р.

Мақсаты — Қазақстандағы әртүрлі күрделіліктегі қатты пайдалы қазбалар кен орындарында кен өндіру технологияларының ұтымды параметрлерін автоматтандырылған жобалаудың инновациялық әдістері негізінде карьерлер мен шахталардың дайындау және тазарту қазбаларындағы бұрғылау-жару және қазып-тиеу жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша зерттеулер жүргізу.

Зертхананың міндеттері:

  1. Карьерлер мен шахталардың дайындау және тазарту қазбаларындағы бұрғылау-жару және қазып-тиеу жұмыстары параметрлерін есептеудің аналитикалық әдістерін әзірлеу;
  2. Карьерлер мен шахталардың дайындау және тазарту қазбаларындағы бұрғылау-жару және қазып-тиеу жұмыстары параметрлерін автоматтандырылған жобалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жүйелерді әзірлеу;
  3. Карьерлер мен шахталардың дайындау және тазарту қазбаларындағы бұрғылау-жару және қазып-тиеу жұмыстарының нәтижелерін, яғни жарылған тау-кен массасының түйіршіктік құрамын және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу тиімділігін есептеудің аналитикалық әдістерін әзірлеу;
  4. Карьерлер мен шахталардың дайындау және тазарту қазбаларындағы бұрғылау-жару және қазып-тиеу жұмыстарын автоматтандырылған болжауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жүйелерді әзірлеу;
  5. MotionMetrics компаниясының PortaMetrics Gen 2 заманауи портативті жабдығын пайдалана отырып, жарылған жыныстардың түйіршіктік құрамын жедел анықтау үшін өлшеулер жүргізу.

Тұтынушылар: «АК Алтыналмас» АҚ, «Казцинк» ЖШС, «KAZ Minerals», «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Қостанай минералдары» АҚ, «НИИЦ ERG» ЖШС, «Соколов-Сарбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ және басқа да жер қойнауын пайдаланушылар.

Зертхананың бірегейлігі — зертханада бұрғылау-жару жұмыстары, қазып-тиеу жұмыстары және басқа тау-кен жұмыстарының параметрлерін автоматтандырылған жобалауға, пайдалы қазбалар өндіру технологияларын болжау мен модельдеуге арналған бағдарламалық өнімдерді әзірлеу үшін заманауи әдістер мен технологиялар қолданылады; сонымен қатар тау-кен жұмыстарының параметрлерін есептеудің аналитикалық әдістерін эксперименттік растауға арналған жаңа жабдықтар пайдаланылады.

Тиімділік: Қазіргі уақытта шаруашылық шарттық жобаларды орындау үшін әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізілуде.

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:

SDG 4 — Сапалы білім;

SDG 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу;

SDG 9 — Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым;

SDG 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту