Кендерді байытуға зерттеу зертханасы

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., ассоц.профессор Барменшинова М.Б.

Мақсаты: Кен және металл емес пайдалы қазбаларды байытуға зерттеулер жүргізу және оларды байыту технологияларын әзірлеу.

Зертхананың міндеттері:

  • байыту технологиясы мен схемаларын әзірлеу;
  • жаңа байыту фабрикаларын жобалауға қажетті деректер алу;
  • жұмыс істеп тұрған фабрикалардағы байыту технологиясын жетілдіруге қажетті деректер алу;
  • жаңа машиналар мен реагенттерді сынауға қажетті деректер алу.

Көрсетілетін қызметтер:

  • кендерді химиялық талдауға дайындау (ұсату, үккілеу);
  • ситалық және седиментациялық талдаулар;
  • концентрациялық үстелде, тұндыру машинасында, центрифугалық концентраторда гравитациялық байыту сынақтары;
  • магниттік байыту сынақтары;
  • механикалық және пневмомеханикалық флотациялық машиналарда флотациялық байыту сынақтары;
  • электрлік байыту сынақтары;
  • гравитациялық, флотациялық, магниттік және электрлік байыту әдістерімен байытуға зерттеулер жүргізу (байыту әдісі бастапқы шикізаттың сипаттамаларына байланысты анықталады).

Зертхананың басқа ұқсастарынан бірегейлігі: Қазақстан Республикасының ұқсас белгілі зертханаларымен салыстырғанда, кендерді байытуға зерттеу зертханасы қара, түсті, асыл металдар кендерінің, металл емес шикізаттың байытуға сапалы зерттеулерін жүргізуге арналған барлық қажетті сынақ жабдықтарымен жарақталған, атап айтқанда сирек металл кендерін байыту технологияларын зерттеу және әзірлеуге мүмкіндік беретін ЭЛКОР-1 барабанды типтегі электростатикалық сепаратормен жарақталған.

2023 жылдан бастап жалпы сомасы 32,2 млн теңгеге 6 шаруашылық шарт орындалды. Қазіргі уақытта «Корпорация Казахмыс» ЖШС компаниясымен ҒЗЖ жобасы мақұлданды және 15 млн теңге сомасына шарт жасасу кезеңінде. Зертхананы ашу 50 млн теңгеге жуық қаражатты (жабдықтың 25%-ын) қайтаруға мүмкіндік берді.

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:

SDG 4 — Сапалы білім;

SDG 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу;

SDG 9 — Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым;

SDG 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс;

SDG 17 — Мақсаттарға жету үшін серіктестік

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту