Инженерлік бейіндегі зертхана

Мақсаты.

Зертхананың негізгі мақсаттары: ғылым мен техниканың негізгі және басым бағыттары, оның ішінде Material science, Energy және Earth science кластерлері бойынша іргелі, іздестіру және қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық қызметті жүргізу.

Міндеттері.

  • ғылыми және инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауды ұйымдастыру;
  • зерттеу инфрақұрылымын жаңғырту және ғылыми жабдықты жаңарту;
  • ғылым мен білімнің, сондай-ақ ғылым мен бизнестің интеграциясын қамтамасыз ету. «Ғылыми зерттеулер арқылы оқыту» қағидатын іске асыру;
  • бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында жетекші ғылыми мекемелермен отандық және халықаралық ынтымақтастықты өзара тиімді негізде дамыту. Бірлескен мақалаларды, кітаптардағы тараулар мен монографияларды жариялау;
  • тапсырыс берушілерге ғылыми-аналитикалық қызмет көрсету;
  • ҒЗЖ және НИОКР нәтижелерін өндіріске енгізу; ғылыми зерттеулерді бизнес-құрылымдардың сұранысына бағдарлау; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауға бизнес-серіктестерді тарту.

Негізгі бағыттары.

Material science кластері

  • фильтрлеу жүйелері үшін кремний-көміртек қамтитын материалдар алу технологиясын әзірлеу;
  • тұрақты органикалық ластаушыларды залалсыздандыруға арналған каталитикалық жүйелерді әзірлеу;
  • өсімдік шикізаты негізіндегі наноцеллюлозалық материалдарды әзірлеу.

Energy кластері

  • жасыл энергетикаға арналған фотоактивті материалдарды әзірлеу.

Earth science кластері

  • ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін көп функционалды мақсаттағы тиімді инкапсуляциялаушы құрамды әзірлеу;
  • ағынды суларды тазартуға арналған сорбенттерді әзірлеу.

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:

SDG 4 — техника ғылымдары саласында жоғары білікті кадрларды даярлау арқылы сапалы білім;

SDG 6 — ағынды суларды тазартуға арналған сорбенттерді әзірлеу арқылы таза су мен санитария;

SDG 13 — ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін тиімді инкапсуляциялаушы құрамды әзірлеу арқылы климат өзгерісіне қарсы күрес;

SDG 15 — жасыл энергетикаға арналған фотоактивті материалдарды әзірлеу арқылы жер экожүйелерін сақтау;

SDG 17 — жаһандық пәнаралық жобаларды іске асыру үшін ғылыми ұжымдардың ынтымақтастығын ұйымдастыру арқылы тұрақты даму мүддесінде серіктестік.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту