Химиялық-аналитикалық зерттеулер зертханасы

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., ассоц.профессор Күбекова Ш.Н.

Мақсаты: Заманауи аспаптық әдістер мен приборларды пайдалана отырып, кен шикізатының және оны өңдеу өнімдерінің заттық және минералдық құрамын кешенді зерттеу жүргізуде Қазақстанның химиялық және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарына, бизнес секторына қызмет көрсету.

Зертхананың міндеттері: Барлық мүдделі тараптар үшін химиялық және минералогиялық құрамның, текстуралық-құрылымдық морфологиялық және топографиялық сипаттамалардың кешенді зерттеулерін жүргізу, сондай-ақ ТМК-ның кен, жыныс түзуші минералдары мен техно-минералды түзілімдерінің оптикалық қасиеттерін зерттеу.

Тұтынушылар: «Казфосфат» ЖШС, «Казазот» ЖШС, «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «KAZ Minerals», «Қостанай минералдары» АҚ, «Delma» ЖШС және басқа да жер қойнауын пайдаланушылар.

Зертхананың басқа ұқсастарынан бірегейлігі:

Зертхана поляризациясы бар қуатты энергетикалық дисперсиялық рентгенофлуоресценттік (EDXRF) спектрометрмен — Rigaku NEX CG II екінші буынымен — жарақталған. Rigaku NEX CG II — көп элементті және әмбебап спектрометр.

Артықшылықтары:

  • сигнал/фон қатынасын айтарлықтай арттыратын оптикалық жүйенің болуы (сонымен «CG» декарттық түсіру геометриясы деп аталатын);
  • дәстүрлі тікелей қоздырудың орнына нысананың монохроматтық екінші реттік қоздырылуы, бұл приборлардың сезімталдығын қосымша арттырады;
  • натрийден (Na) уранға (U) дейінгі элементтердің іс жүзінде бұзбай талдауы;
  • майлар мен сұйықтықтардан бастап қатты заттарға, металдарға, полимерлерге, ұнтақтарға, пастаға, жабындыларға және жұқа пленкаларға дейін түрлі материалдарда талдау мүмкіндігі;
  • Windows негізіндегі QuantEZ RPF-SQX ыңғайлы бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • элементтердің кең спектрі үшін рентген түтігінің қуаты 50 кВ;
  • жоғары өткізу қабілеттілігі бар үлкен ауданды кремний дрейфтік детекторы (SDD).

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:

SDG 4 — Сапалы білім;

SDG 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу;

SDG 9 — Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым;

SDG 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс;

SDG 17 — Мақсаттарға жету үшін серіктестік

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту