ТМК-дағы экологиялық мониторинг ғылыми-зерттеу зертханасы
Ғылыми жетекші: Кезембаева Г.Б., DBA
Мақсаты — ТМК кәсіпорындары үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, атмосфераның, жер үсті және жер асты суларының, топырақтың, жыныстардың экологиялық мониторингін жүргізу және жобалау.
Зертхананың міндеттері:
- қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу, іргелі, қолданбалы, тәжірибелік-конструкторлық және өзге де жұмыстар жүргізу;
- ластаушы заттардың ШРК-дан асып кетуін анықтауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; сулардың, топырақтың және түп шөгінділерінің ластануының санитарлық-гигиеналық жай-күйін бағалау; топырақ пен су үлгілерінде металдар мен металл тотықтарының массалық үлесін өлшеу; химиялық ластаушыларды іздеу және анықтау, су, топырақ үлгілерінде, өнімдерде зиянды химиялық заттардың ШРК-дан асу деңгейін анықтау, топырақтың құрамы мен қасиеттерін талдау;
- табиғат қорғау құжаттаментациясын жүргізу, есептілікті жасау, қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемдерді есептеу мен енгізу, сондай-ақ өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұйымдардың мамандары мен жауапты тұлғаларының біліктілігін арттыру;
- өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) және мониторинг (ӨЭМ);
- ластанған топырақтарды тазарту технологияларын әзірлеу;
- өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту технологияларын әзірлеу;
- өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеу технологияларын әзірлеу.
Тұтынушылар: «АК Алтыналмас» АҚ, «Qarmet» АҚ, «Богатырь Комір» ЖШС, «Майкүбен-Вест» ЖШС, «Ангренсор Энерго» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «KAZ Minerals», «Қостанай минералдары» АҚ, «НИИЦ ERG» ЖШС, «Соколов-Сарбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Шұбаркөл Комір» ЖШС, «Шұбаркөл Премиум» ЖШС және басқа да жер қойнауын пайдаланушылар.
Зертхананың бірегейлігі — ТМК-дағы Экологиялық мониторинг ғылыми-зерттеу зертханасының бірегейлігі қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мониторинг саласындағы міндеттерді шешудің көп бейінді және кешенді тәсілінде, сондай-ақ тау-кен металлургиялық кешені (ТМК) кәсіпорындарына мамандандырылған қызметтер ұсына алу қабілетінде. Зертхана топырақтар мен жыныстарда, атмосферада, суларда ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) асып кетуін анықтау мен талдауға маманданған, бұл экологиялық мониторинг үшін дәл және сенімді деректер ұсынуға мүмкіндік береді. Зертхана ластанған топырақтарды, өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту, сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату мен өңдеу технологияларын белсенді түрде әзірлейді, бұл оны өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін экологиялық жаңғырту саласындағы маңызды серіктеске айналдырады.
БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:
SDG 6 — Таза су және санитария;
SDG 11 — Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар;
SDG 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс;
SDG 13 — Климат өзгерісіне қарсы күрес;
SDG 14 — Су асты тіршілігі;
SDG 15 — Жердегі тіршілік