Машина жасаудағы цифрлық технологиялар зертханасы
Зертхананың мақсаты:
Аккредиттеу аясы шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ заманауи технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып сыртқы ұйымдарға мамандандырылған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; ғылыми әлеуетті дамытуға, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және саланың инновациялық дамуына жәрдемдесуге бағытталған.
Зертхананың негізгі міндеттері:
- машина жасаудағы автоматтандыру және роботтандыру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- тапсырыс берушілерге зертханааралық салыстырмалы сынақтар жүргізу;
- аккредиттеу аясына сәйкес сыртқы ұйымдарға қызмет көрсету.
Зертхананың негізгі қызмет бағыттары:
- аккредиттеу аясы шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- аккредиттеу аясына сәйкес сыртқы ұйымдарға ғылыми-техникалық және инжиниринг қызметтерін көрсету;
- өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірлесіп қолданбалы және инновациялық жобаларды орындауға қатысу;
- студенттерді практикаға бағытталған оқытуды қоса алғанда, мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру.
БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:
«Машина жасаудағы цифрлық технологиялар» зертханасы инновациялық өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту және озық технологияларды енгізу арқылы SDG 9-ға, сондай-ақ заманауи цифрлық құзыреттері бар мамандарды сапалы, практикаға бағытталған даярлауды қамтамасыз ету арқылы SDG 4-ке қол жеткізуге ықпал етеді.