Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект ғылыми-зерттеу зертханасы
Зертхана жетекшісі: профессор Ускенбаева Р.К.
1. Зертхананың мақсаты
Ақпараттық жүйелер мен цифрлық инфрақұрылымды қорғауға, киберқауіптерді анықтау мен алдын алуға, өзекті ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған киберқауіпсіздік және жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулерді дамыту және инновациялық шешімдерді әзірлеу.
2. Зертхананың міндеттері
- киберқауіпсіздік және жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- киберқауіптерді анықтауға, талдауға және алдын алуға арналған машиналық оқыту алгоритмдерін әзірлеу және бейімдеу;
- желілік трафикті, оқиғалар журналдары мен кибероқиғалар туралы деректерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
- киберқауіпсіздік модельдерін оқыту және сынауға арналған мамандандырылған деректер жинақтарын жасау және дамыту;
- ақпараттық жүйелер мен цифрлық инфрақұрылымды қорғауға арналған бағдарламалық шешімдер мен интеллектуалдық жүйелерді әзірлеу;
- рецензияланатын ғылыми басылымдарда зерттеу нәтижелерін жариялау және ғылыми конференцияларға қатысу;
- білім беру процесіне оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және енгізу;
- студенттер, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми қызметін қолдау және сүйемелдеу;
- әзірленген технологияларды мемлекеттік және жеке ұйымдарға, оның ішінде маңызды инфрақұрылым объектілеріне енгізу;
- ұлттық және халықаралық ғылыми-білім беру орталықтары мен индустриалдық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту.
3. Негізгі қызмет бағыттары
3.1. Криптографиялық шешімдер және сенімді инфрақұрылым
Заманауи криптографиялық әдістер мен деректерді қорғау механизмдерін әзірлеу және енгізу, қорғалған құрылғылар мен сенімді орындау орталарының архитектурасын жобалау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламалық механизмдерін жасау және талдау.
3.2. Осалдықтарды талдау және қауіпсіздіктің техникалық сараптамасы
Аппараттық және бағдарламалық компоненттердің типтік және нысаналы шабуыл сценарийлеріне төзімділігін бағалау, криптографиялық протоколдар мен қорғаныш механизмдерін іске асырудың дұрыстығын тексеру, бағдарламалық коды, желілік конфигурациялар мен ақпараттық жүйелерді аудиттеу, сондай-ақ анықталған осалдықтар мен тәуекелдерді жою бойынша ұсынымдар мен техникалық қорытындылар дайындау.
3.3. Қорғалған электроника және схемотехникалық шешімдер
Қорғалған электрондық құрылғылар мен аппараттық модульдерді жобалау, физикалық әсерлер мен аппараттық шабуылдарға төзімділікті арттыру әдістерін зерттеу, сондай-ақ схемотехникалық және аппараттық қорғаныш шараларының тиімділігін әзірлеу және бағалау.
3.4. Енгізілген жүйелер мен робототехникаға арналған қорғалған бағдарламалық қамтамасыз ету және басқару алгоритмдері
Енгізілген және киберфизикалық жүйелерге арналған қорғалған бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып басқару алгоритмдерін жасау, сондай-ақ нақты пайдалану жағдайларында құрылғылардың тұрақты және қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
3.5. Ақпараттық қауіпсіздік міндеттерінде жасанды интеллект пен машиналық оқыту әдістерін қолдану
Желілік трафикті, телеметрияны және мінез-құлық деректерін талдауға, киберқауіптер мен аномалиялерді анықтауға, оқиғаларды өңдеуді автоматтандыруға және шешімдер қабылдауды қолдауға, сондай-ақ деректерді талдау негізінде ақпараттық қауіпсіздікті басқару тиімділігін арттыруға арналған жасанды интеллект пен машиналық оқыту әдістерін әзірлеу және қолдану.
4. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:
SDG 4 — киберқауіпсіздік және жасанды интеллект саласында білім беру және ғылыми-зерттеу тәсілдерін дамыту, жоғары білікті мамандарды даярлау және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жас зерттеушілерді қолдау.
SDG 8 — киберқауіпсіздік және жасанды интеллект саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ цифрлық құзыреттер мен кәсіби дағдыларды дамыту арқылы тұрақты экономикалық өсуге ықпал ету.
SDG 9 — цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз ету, инновациялық ортаны дамыту және технологиялық тәуелсіздікті арттыру үшін заманауи киберқауіпсіздік, криптографиялық қорғаныш және интеллектуалдық деректерді талдау технологияларын әзірлеу және енгізу.
SDG 11 — ақпараттық, көліктік, энергетикалық және коммуникациялық жүйелерді қорғауды қоса алғанда, смарт қалалардың цифрлық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қалалық ортаның киберқауіптерге төзімділігін арттыру.
SDG 16 — мемлекеттік, қоғамдық және корпоративтік ақпараттық жүйелерді қорғауға, цифрлық сервистердің тұрақтылығын арттыруға және цифрлық ортаға сенімді нығайтуға арналған киберқауіпсіздік технологияларын әзірлеу және қолдану.
SDG 17 — киберқауіпсіздік және жасанды интеллект саласында ұлттық және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, ғылыми-білім беру ұйымдарымен, индустриалдық серіктестермен және зерттеу орталықтарымен серіктестік байланыстарын нығайту.