Нанотехнологиялар және наноматериалдар ғылыми-зерттеу зертханасы

Ғылыми жетекші: Азат Сейтхан, PhD, профессор

Мақсаты — жартылай өткізгіштер, полимерлер, наноматериалдар және композиттерді қоса алғанда жаңа материалдар жасау үшін тау-кен металлургиялық және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу.

Зертхананың міндеттері:

  1. Бірегей қасиеттері бар наноматериалдар жасау мақсатында қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату әдістерін зерттеу;
  2. Электрониката қолдануға арналған қайта өңделген қалдықтар негізінде жартылай өткізгіш материалдарды синтездеу және сипаттау;
  3. Қайталама ресурстар негізінде жасалған, жақсартылған механикалық және термиялық қасиеттері бар полимерлер мен композиттерді әзірлеу және зерттеу;
  4. Экологиялық мақсаттарға арналған наноматериалдарды жасау, оның ішінде суды және ауаны тазалауға арналған наноқұрылымдар;
  5. Материалдардың беткейлік және құрылымдық модификациясына, олардың пайдалану сипаттамаларын жақсартуға нанотехнологияларды қолдану;
  6. Зертхана әзірлемелерін нақты өндіріске енгізу және экологиялық мәселелерді шешу үшін өнеркәсіптік серіктестермен өзара іс-қимыл жасасу.

Тұтынушылар: Тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындары, полимерлік және композиттік материалдар өндірушілері, электроника және экология саласындағы компаниялар.

Зертхананың бірегейлігі — Қазақстандағы алғашқы зертхана, ол кең ауқымды инновациялық материалдар жасау үшін нанотехнологияларды қолдана отырып тау-кен металлургиялық және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеуге бағытталған. Зертхана наноматериалдарды синтездеу және талдауға арналған озық жабдықтармен жарақталған, бұл түрлі өнеркәсіп салалары үшін бірегей қасиеттері бар материалдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Тиімділік: Әзірленген наноматериалдарды енгізу шикізатқа жұмсалатын шығындарды айтарлықтай қысқартып, кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштерін жақсартады деп күтілуде. Белсендірілген көмір мен композиттік материалдар алуға арналған жартылай өнеркәсіптік қондырғыны, атап айтқанда жаңа жабдықты пайдалануға беру зертхананың өндірістік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, ғылыми әлеуетін нығайтады. Қондырғы тау-кен металлургиялық қалдықтарды өңдей алады, бұл экологиялық жүктемені азайтып қана қоймай, жартылай өнеркәсіптік ауқымда жоғары сапалы белсендірілген көмір мен композиттер өндіруді қамтамасыз етеді. Бұл зертхана әзірлемелерін коммерцияландыруға жаңа мүмкіндіктер ашады, шаруашылық шарттарынан түсетін кіріс арттырылады және инновациялық материалдарды нарыққа шығару процесі жеделдетіледі. Сонымен қатар, сатып алынған басқа жабдықтар кеуектілік талдауы, Раман спектроскопиясы, материалдардың қаттылығын өлшеу, кондуктометрия және жоғары температуралық сынақтар сияқты ақылы аналитикалық қызметтер арқылы инвестицияны жылдам қайтару әлеуетіне ие.

БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:

SDG 4 — Сапалы білім;

SDG 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу;

SDG 9 — Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым;

SDG 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс;

SDG 17 — Мақсаттарға жету үшін серіктестік

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту