Геомеханика және геотехнологиялар ғылыми-зерттеу зертханасы
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Молдабаев С.К.
Мақсаты — тау-кен жыныстарының беріктік және серпімді-деформациялық қасиеттерін дәл анықтау негізінде тау-кен қазбаларының ашылымдарының кернеулік-деформациялық күйін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу.
Зертхананың міндеттері:
- ISRM стандарты бойынша RPS-200-де үш осьті сығуға беріктік шегін анықтау;
- ISRM стандарты бойынша UCT-1000-де бір осьті сығуға беріктік шегін анықтау;
- ISRM стандарты бойынша UCT-1000-де бір осьті созуға беріктік шегін анықтау (Бразилиялық әдіс);
- RDS-200XL-де сығумен қосылған кесуге беріктік шегін анықтау;
- ULT-200 ультрадыбысты пайдалана отырып бойлық (P) және көлденең (S) толқындарының жылдамдығын анықтау;
- Серпімділік модулін; Пуассон коэффициентін; адгезияны; ішкі үйкеліс бұрышын; көлемдік салмақты; тау жыныстарының деформациялану диаграммасын анықтау; беріктік паспорттарын жасау;
- VIC-3D пайдалана отырып тау жыныстарының кернеулік-деформациялық күй сипаттамаларын анықтау;
- Жарықшақтылықты, суландырылуды және тектоникалық жарылымдарды ескере отырып, тау жыныстары массивінің ашылымдарының геомеханикалық модельдерін дайындау және кернеулік-деформациялық күйін Rocscience компаниясының барлық бағдарламалық өнімдері бар 128 ГБ жедел жадысы бар жұмыс станциясында бағалау.
Тұтынушылар: «АК Алтыналмас» АҚ, «Богатырь Комір» ЖШС, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Майкүбен-Вест» ЖШС, «Ангренсор Энерго» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «KAZ Minerals», «Қостанай минералдары» АҚ, «НИИЦ ERG» ЖШС, «Соколов-Сарбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Шұбаркөл Комір» ЖШС, «Шұбаркөл Премиум» ЖШС және басқа да жер қойнауын пайдаланушылар.
Зертхананың бірегейлігі — Қазақстанда алғаш рет сервогидравликалық жүйелермен жарақталған, олар тау жыныстарының барлық қажетті беріктік және серпімді-деформациялық қасиеттерін анықтауға және тау соғуларын, карьер борттарының деформациясын болдырмау үшін тау-кен қазбаларының ашылымдарының кернеулік-деформациялық күйін белгілеуге мүмкіндік береді. Тау-кен қазбалары ашылымдарының шекті күй жағдайында тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу арқылы тау-кен кәсіпорындары пайдалы қазбаларды ашуға арналған бос жыныстарды қазу көлемін ең аз мөлшерге дейін қысқарта алады.
Тиімділік: 2023 жылы ERG-мен жалпы сомасы 196,4 млн теңгеге 3 шаруашылық шарт орындалуда. Қазіргі уақытта «Казахалтын» компаниясы жалпы сомасы 403,2 млн теңгеге 2 ҒЗЖ жобасын мақұлдады. Шарттар қол қою кезеңінде. Зертхананы ашу 600 млн теңгеге жуық қаражатты қайтаруға мүмкіндік берді. RPS-200-дің 843 млн теңге тұратынын ескерсек, зертхана оны кемінде 2 жылда өтейді. Осы жылы шаруашылық шарттық жұмыстар есебінен қосымша 140 млн теңгеге жуық жабдық сатып алынады.
БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына байланысы:
SDG 4 — Сапалы білім;
SDG 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу;
SDG 9 — Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым;
SDG 12 — Жауапты тұтыну және өндіріс;
SDG 17 — Мақсаттарға жету үшін серіктестік