Күл-шлак қалдықтарын қайта өңдеу/кәдеге жарату инновациялық өндірісін ұйымдастыру
ТҰТ: 9 Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым; 12 Жауапты тұтыну және өндіріс
Грант сомасы: 350 000 000 теңге; қоса қаржыландыру: 122 500 000 теңге
Жетекшісі: Қудабергенов Айдын Жақыпұлы
Грант алушы: «Arka development» ЖШС
Іске асыру орны: Астана
Өнім: «Fe-қамтитын магниттік концентрат», «Алюмосиликат сферасы», «Алюмосиликат өнімі»
Сатылымдар: 0 теңге
Ағымдағы мәртебесі: Өндірісте. Проблемалары: Күл ресурстарын кеңейту қажет.
Әлеуметтік-экономикалық эффектілер:
• жаңа жұмыс орындарын жасау;
• техногендік қалдықтарды өңдеу саласында жаңа өнеркәсіптік бағытты қалыптастыру;
• жергілікті өнеркәсіптік кооперацияны дамыту;
• аймақтағы салық базасы мен іскерлік белсенділікті арттыру.
Экологиялық эффект:
• күл-шлак қалдықтарының жиналу көлемін азайту;
• қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайту;
• техногендік қалдықтарды шаруашылық айналымға тарту;
• қосымша минералды ресурстар алу.