DP23692275 «Табиғи сыртқы жабынмен қапталған отқа және ылғалға төзімді фанер жасауға арналған инновациялық технологияларды әзірлеу»
ТҰТ: 12 Жауапты тұтыну және өндіріс; 15 Жер экожүйелерін сақтау
Грант сомасы: 341 660 007,18 теңге; қоса қаржыландыру: 147 307 280,00 теңге
Жетекшісі: Әкелім Досжан Алибекұлы
Грант алушы: «ФАВОРИТ» ЖШС
Іске асыру орны: ШҚО Алтай ауданы, Зубовск к.п., С.Лазо к., 1
Өнім: отқа төзімді (қиын тұтанатын) фанер
Ағымдағы мәртебесі: іске асыру кезеңінде
Жобаның мақсаты: Жалпы технологиялық линияны жаңғырту есебінен отқа төзімді (қиын тұтанатын) фанерлік өнімнің әртүрлі түрлерін дайындау.
Ағымдағы нәтижелер: 200 шаршы метр өндірістік үй-жай дайындалды. Шығын материалдары сатып алынды. Бар технологиялық линияны жаңғырту жүргізілуде.
Артықшылықтары: Ылғал материалдардың ерекшелігін ескере отырып жоңқалық шпонды сіңдірудің оңтайлы режимдері белгіленді.
Тиімділігі: Тиімді антипирен қолдану. Декоративтік қасиеттер. Бүкіл көлем бойынша шпонды сенімді от қорғау.
Тұтынушылары: ОАМ мен ЖОО. Шағын бизнес. Бизнес ортасы.