27 наурыз 17

AP15573835 «Жақсартылған сипаттамалары бар электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын сериялық өндіру»

ТҰТ: 12 Жауапты тұтыну және өндіріс
Сомасы: грант — 300 000 000 тг.; қоса қаржыландыру — 60 000 000 тг.
Жетекшісі: Утебаев Р.М.
Грант алушы: «PolyTechElectronics» ЖШС
Іске асыру орны: Алматы қ., Сәтпаев к., 22/2, 14-каб.
Өнім: электромобильдерге арналған зарядтау станциясы
Ағымдағы мәртебесі: аяқталды

Жобаның мақсаты: Дүниежүзілік стандарттағы қосқыштары бар электромобильдерге арналған зарядтау станциясы. Электромобильдердің өсіп келе жатқан санын қолдау және нарықтың тиімді зарядтауға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін инфрақұрылымды дамыту.

Ағымдағы нәтижелер: Жоспарланған 1000 дана өнімнің 300-ден астамы өндірілді. Төмен вольтты жабдықтың және магниттік үйлесімділіктің қауіпсіздігі туралы өндіріс сертификаты алынды. АҚШ, Еуропа және Қытайдан келген автомобильдерге арналған 3 түрі өндіріледі.

Артықшылықтары: Кернеу өзгерістеріне бейімделеді. Кернеу тұрақтандырғышты қажет етпейді. Қуатты теңестіру мүмкіндігі бар. Қолжетімді төлем жүйесі.

Тиімділігі: Экологиялық тұрақтылық. Экономикалық пайда — аналогтарға қарағанда 20%-ға арзан. 1-тип, 2-тип, GBT ұяшықтары және розеткасы бар зарядтау станциясы.

Тұтынушылары: Жеке және заңды тұлғалар; ТҰБ, ТАҮ; кафелер, мейрамханалар; СТО және өз тұрақ орындары бар барлық ұйымдар.

Сатылымдар: Бір дана бағасы — 250 000 тг. 300-ден астам дана өткізілді. Кіріс — 42 млн тг. Fashion Import, Casino Bellagio, «Caspian Park» ТҰБ, Prime ИО мен шарттар жасалды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту